«Жас ұлан»-«Қазақстанның жасөспірім қанаты» тақырыбымен жастарды патриоттық рухта тарбиелеу кездесуі болып өтті.
Бүгінгі күні балалардың патриоттық тәрбиесі патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, үлкенді сыйлау, құрметтеу бағытында Түркістан қаласындағы С. Сейфулин атындағы жалпы орта мектепте түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Болашақ ұрпақты кеудесінде намысы бар, білімді, туған елін, жерін сүйетін өнегелі ұрпақ етіп өсіргіміз келсе, бар назарды ұлттық тәрбиеге аударуымыз қажет. Қазіргі білімнің болашағы мол факторларының бірі – патриоттық тәрбие. Отанын сүю және азаматтығын мақтан тұту; өз отанының болашағы үшін, мамандығы үшін қызмет ету, ана тілін жетік меңгеріп сүйе білу, халқының салт-дәсүрін, ерекшеліктерін білу, дінге, тарихи мұраларға құрметпен қарау, өз отандастарына, сондай-ақ басқа ұлт өкілдеріне адамгершілік көзқарас білдіру — осының барлығы да патриоттық тәрбиеден басталады. Қазақстандық отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, елдегі барлық халықтарды достық қатынасқа тәрбиелеу аса маңызды міндет. Қазір Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет. Мұнда көптеген ұлттар мен халықтардың бір-бірімен тату-тәтті, сыйластық, ынтымақта өмір сүруі қуантарлық жағдай. Қазақстан олардың бәрінің отаны болғандықтан, біздің елді мекендеген барлық халықтар отаншылдық рухында тәрбиеленуі қажет. Мектеп оқушылары арасында жүргізілген жұмыстарда, сабақтарда оларды қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеуге ерекше мән беріліп келеді.
Атқарылып отырған кездесу жұмыстары еліміздің жастарының бойында патриоттық сананы қалыптастыру, тәлім тәрбие беру жөнінде стратегиялық міндеттерді толықтай орындалуға бағытталуда.