Жас күресшілер қала біріншілігінде бақ сынасты

Республика күніне орай, Түркістан шахарында түрлі мерекелік шаралар өтуде.

Қалалық «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және Спорт бөлімінің» ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасындағы күрестен кезекті ашық біріншілік өтті.

Шараға 11 мен 12 жас аралығындағы 230-ға жуық спортшы бақ сынасты.

Ашылу салтанатында сөз алған, «Amanat» партиясы Түркістан қалалық филиалының атқарушы хатшысы, қалалық мәслихат депутаты Ғаппар Амантайұлы мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақыпбек Айдарбекұлы қатысушыларға жылы лебізін айтып, сәттілік тіледі.

«Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде өткен жарыста палуандар 10 түрлі салмақ дәрежесінде белдесті.

Жүлделі орын иелеріне қала әкімінің арнайы марапаты мен медальдері табысталды.

x

Check Also

Қазақстанда спорт, өнер және қосымша білім беру бағыттары бойынша бірыңғай ваучер жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылады

Мемлекет жыл сайын балалардың шығармашылық үйірмелерге, спорттық секцияларға және қосымша білім беру бағдарламаларына қатысуын қаржыландырып келеді. Алайда жүргізілген тексерістер барысында ...

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...