ХАБАРЛАНДЫРУ!

22.10.2022 ж. таңғы сағат 5:55-тер шамасында Өзбекстан Республикасы Сырдария облысы Малик елдімекеніндегі ӨР-нің Қорғаныс министрлігінің әскери қоймасында жарылыс болған.
Осы уақытта Мақтаарал ауданының Өзбекстанмен шекаралас аумақтары тұрғындарына көрші ел тарапынан қатты жарылыс болғаны естілген. Ауданның төтенше жағдайлар комиссиясы шұғыл түрде Жамбыл, Бірлік, Иіржар, Еңбекші ауылдық округтері мен Атакент кенті бойынша зардап шеккен әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің бар-жоғын анықтау бағытында жұмыстар жүргізуде.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі анықталған жағдайлар қосымша хабарланатын болады.
Бүгін сағат 10:00-де аудан әкімі аппаратында жедел штаб отырысы өтті.
Өзбекстан Республикасы тарапынан беріліп жатқан ақпарат көздеріндегі мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда Мақтаарал ауданының тұрғындарына қауіп жоқ екенін хабарлаймыз.
x

Check Also

Мемлекет басшысы республикалық референдумда дауыс берді (видео)

Мемлекет басшысы жалпыұлттық референдумда дауыс берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент орталығында орналасқан №211 референдум учаскесіне ...

Президенттің мәслихат депутаттары форумында сөйлеген сөзі (толық мәтіні)

2024 жылғы 3 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы референдум арқылы Конституцияға енгізілген ауқымды өзгерістердің нәтижесі туралы баяндады. Президент ...