ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ БОЙЫНША 5,5 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСА АЙЫППҰЛ ӨНДІРІЛДІ

Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан облысының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Б.Ибадуллаев айтты.
– Жыл басынан бері басқармаға Еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша 830 азаматтан шағым түсіп, олардың барлығына заңмен белгіленген мерзімде жауап берілді. Осы арыздардың негізінде мекемелер мен кәсіпорындарда 208 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, 252 заң бұзушылық анықталды. Оның 215-і заңға сәйкестендірілді. Ал қалғандарының орындау мерзімдері бар. Анықталған бұзушылықтардың негізінде 144 нұсқама беріліп, 5,6 млн теңге көлемінде 66 айыппұл салынды. Салынған айыппұлдар толығымен өндірілді, — деді Берік Серікбайұлы.
Спикердің сөзінше, 2 еңбек жанжалы орын алып, толығымен шешілген. Яғни, «Волковгеология» АҚ-дағы 1420 жұмыскердің жалақысы 20 пайызға көтерілген. Сондай-ақ, «Ақ-Жол» ЖШС-індегі 752 жұмысшының 232,4 млн теңге жалақысы толық төленген.
Сонымен қатар, облыс бойынша 4 кәсіпорында 1258 жұмыскердің алдында 324,7 млн теңге жалақы қарызының орын алғаны және кешіктіріп төленгені анықталды. Бүгінгі күні бұл жалақы қарызы толығымен жойылды. Облыс аумағында жалақы қарызы бар мекеме жоқ. Аталған мекемелерге басқарма тарапынан анықталған бұзушылықтары бойынша 647 595 теңге көлемінде 4 әкімшілік айыппұл салынып, орындалуы міндетті нұсқамалар берілді.
x

Check Also

Түркістан облысында өзіндік кірістер мен салықтық түсімдер көлемі ұлғайды

Түркістан облысында өзіндік кіріс көздерін артыру, «көлеңкелі экономикамен» күрес, қосымша кіріс көздерін анықтау жұмыстары нәтижесінде өзіндік кірістер мен салықтық түсімдер ...

Түркістан облысында кедейлік деңгейін төмендету шаралары белсенді жүргізілуде

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кедейлік деңгейін 5,5%-дан асырмау және осы бағыттағы жұмыстарды күшейту жөнінде тапсырма жүктеген болатын. Қабылданған шаралардың ...