«DIGITAL TURKISTAN» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА — Xnews — ақпарат агенттігі

«DIGITAL TURKISTAN» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Бүгінгі таңда Түркістан қаласында «Digital Turkistan» тұжырымдамасы нәтижелі іске асырылып келеді. Жоба аясында бірнеше қосымша жұмыс істейді.
Атап айтсақ, «109» бірыңғай байланыс орталығы тәулік бойы тұрғындардың қоңырауын қабылдап, мәселелердің шұғыл шешілуіне ықпал етуде. Орталыққа жыл басынан бері 90 587 мың өтінім келіп түскен.
Сонымен қатар, 55 мектеп 1164 бейнебақылау камераларымен қамтылған. Ал, қала бойынша 812 бейнебақылау камералары жедел басқару орталығына қосулы.
«Сергек» бейнебақылау камералары қала аумағындағы 40 желілік учаскелерінде және 26 жол қиылыстарында орнатылған.
Шаһарда 7 835 құрылғы 5G KCELL желісіне қосылса, қоғамдық орындарда 19 тегін “FREE WI-FI “ интернет желісі және “2GIS”, “AMAZING TURKISTAN”, “YANDEX” қосымшалары қолжетімді.
Одан бөлек, қалададағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында 11 дана «SOS» шұғыл жәрдем батырмасы қолданыста. Оқыс оқиға болған жағдайда батырмалар арқылы Түркістан облысы Ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығының қызметкерімен тікелей байланысуға, көмек алуға болады.
Бүгінде аталған батырмалар «Қожа Ахмет Ясауи» кесенесі аумағы, «Гүлдер», «Жібек жолы», «Жеңіс» саябақтарында және Кіші арбат пен Керуен сарай кешенінде орналасқан.
Қала аумағында 21 бағытта 220 қоғамдық көлік жолаушы тасымалдауда. Оның ішінде, 12 бағыт бойынша 81 автобус жолақыны “Е-билеттеу” жүйесі арқылы қабылдайды.
x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...