ДАРХАН САТЫБАЛДЫҒА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Түркістан облысында бірнеше инвестициялық жоба жүзеге аспақ. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды «ҚазАзот» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Бахаридин Аблазимовпен кездесіп, бірқатар жобаларды талқылады. Қазақстандағы аммиак пен аммиак селитрасын жалғыз өндіруші компания облыстың оңтүстік аймақтарында тыңайтқыш орталықтарын салу жобасын ұсынды. Ол үшін әкімдік тарапынан 3 га жер мен инфрақұрылым мәселесін шешу қолға алынбақ.
– Біздің мақсат – жаңа өндіріс орындары мен кәсіпорындар ашу арқылы жұмыс орындарын көбейту. Отандық өнімді молайту, кіріс көлемін арттыру. Бюджетке ғана сенім артпай, жаңа жобаларды жүзеге асырған жөн. Бұл ретте инвестицияның маңызы зор. Сондықтан біз инвесторларға әрқашан ашықпыз және бірлесе жұмыс істеуге, қолдауға дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды.
«ҚазАзот» компаниясы оңтүстіктің ауыл шаруашылығы саласына қажетті 60000 тонна аммиак селитрасын жеткізуге жауапты екені белгілі. Облыс әкімі компания басшысына өңір диқандарын қажетті минералды тыңайтқыштармен әрі қарай да уақытылы қамтамасыз ету қажет екенін жеткізді. Аргосаладағы маңызды мәселенің бақылауда екенін айтты.
Басқосуда өңірге қажетті жобаларға ерекше назар аударылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды «Созак Ойл энд Газ» компаниясының басшыларымен Түркістан облысының мұнай-газ перспективаларын талқылады. Түркістан облысына қарасты Шоқпақ аумағында орналасқан Үлкен Қаратау шұңғымасында мұнай қоры табылғаны белгілі. Аймақта алғаш рет анықталған «қара алтын» қоры Шу-Сарысу және Сырдария шұңғымаларында мұнай қорын болжауға үлкен септігін тигізбек. Қазба жұмыстары жалғасуда.

x

Check Also

Касым-Жомарт Токаев и Масуд Пезешкиан приняли участие в казахско-иранском бизнес-форуме

В своем выступлении Глава государства Касым-Жомарт Токаев сообщил, что двусторонний товарооборот демонстрирует устойчивую динамику роста. Он выразил уверенность в том, ...

Қазақстан-Иран бизнес форумындағы жаңа ынтымақтастық кезеңі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Иран бизнес форумына қатысып, екі ел арасындағы экономикалық және инвестициялық қарым-қатынастың дамуына ерекше мән берді. Президент ...