БАШҚҰРСТАНДЫҚ ПРОФЕССОР ТҮРКІСТАНДА КӨЗ КЛИНИКАСЫН АШПАҚ

Түркістанға арнайы сапармен келген Уфа қаласында орналасқан «OPTIMED» лазерлік көруді қалпына келтіру орталығының профессоры Булат Азнабаев облыстың инвестициялық әлеуетімен танысты. Жоғары дәрежелі офтальмохирург-дәрігерге облыстық инвестиция және экспорт басқармасы басшысының орынбасары Қанат Шонбасов пен «Turkistan invest» агентігінің өкілдері облыс орталығындағы арнайы экономикалық және индустриалдық аймақ территориясын көрсетті. Кездесу барысында сала мамандары инвесторларға берілетін жеңілдіктермен таныстырды. Көз дәрігері Булат Маратұлының айтуынша, бүгінде лазерлік ота арқылы көру қабілетін қалпына келтіру бағытында қызмет көрсететін көз клиникаларына деген сұраныс жоғары. Сондықтан, орталыққа келетін қазақстандық емделушілердің көптігіне байланысты Қазақстанның бірнеше аймағынан көз клиникасын ашуды жоспарлап отырғанын айтты.

x

Check Also

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді. Жасанды интеллект жүйелері ақпараттандыру нысаны ретінде анықталды. Енді жасанды интеллект адамның ...

Президенттің пікірінше, сирек кездесетін металдарды өндіру және өңдеу саласындағы серіктестік перспективті бағыттың бірі саналады

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылатын Жұмыс тобынан барлық аспектіні мұқият зерделеп, өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қоюға қатысты ұсыныс беруді сұрады. Сонымен ...