БАЛА ҚУАНСА,ӘЛЕМ ҚУАНАДЫ

Түркістан қаласының “Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар” бөлімінің ұйымдастыруымен басталған “Мейірімді жүрек” қайырымдылық акциясы бүгінде жалғасуда.
Іс-шараға қатысқан қала әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев сөз алып, балаларға жылы лебізін білдірді.
“Біз мүмкіндігінше қоғамнан қамқорлық күтетін жандарға әсіресе, ерекше жағдайдағы балаларға қолайлы орта қалыптастыруға ықпал жасауымыз қажет. Алдағы уақытта осындай игі шаралар дәстүрлі түрде өткізіліп, жалғасын табады”– деді ол өз сөзінде.
Сонымен қатар, шарада Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Таңғатаров және қаламыздың бас имамы Жұмадуллаев Мұхамеджан да өз кезегінде осындай қайырымды істің басы-қасында жүрген азаматтарға алғысын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.
Мұндай шаралар ерекше қажеттілігі бар балаларға серпін береді, өмірге деген қызығушылығын арттыра түседі.
Сол себепті оларға барынша қолдау көрсету баршамыздың ортақ парызымыз дейді ұйымдастырушылар.
Шара соңында әр балаға бағалы да, өздеріне пайдалы сыйлықтар табысталды.
x

Check Also

Түркістан: Базардағы кітапханаға 10 мыңдай оқырман келген

Түркістан облысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен вице-министрлер жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында «Базардағы кітапхана» жобасы шеңберінде «Қуаныш» сауда орталығында ...

Түркістан: «Бабалар дәстүрі – тәрбиенің бастауы» атты облыстық байқау өтті

Түркістанда «Бабалар дәстүрі – тәрбиенің бастауы» атты байқауы өтті. Шараның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, ұлттық құндылықтарды ...