“AMANAT”: Интеллектуалды ойын тағдырын 1 ұпай шешті — Xnews — ақпарат агенттігі

“AMANAT”: Интеллектуалды ойын тағдырын 1 ұпай шешті

«AMANAT AQYLMAN» білім бәйгесі Түркістан қаласында жалғасын тапты. «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалы, «Jastar Ruhy» ЖҚ өңірлік филиалы және облыстық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен өткен интеллектуалды ойынға 17 команда қатысты. Партияның Түркістан қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев ойыншылардың белсенділігіне алғысын жеткізіп, сәттілік тіледі.

Зияткерлік сайысқа мұғалімдер, дәрігерлер, журналистер, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, түрлі сала өкілдері және жас еріктілерден құралған топтар өзара бақ сынасты. Білім мен шапшаңдықты қатар талап ететін сайысқа Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Нұрсұлтан Үмбетов, “Жастар ресурстық орталығы” КММ-і басшысының орынбасары Ернар Бектаев және әлеуметтік желі белсендісі Олжас Мамыр әділ төрелік етті.

Жарыс 7 кезеңнен тұрып, әр кезеңде түрлі салаға байланысты сұрақтар қойылды. Атап айтқанда тарих, әдебиет, спорт, ұлттық дәстүрден бастап логикалық тапсымалар ойынды ширата түсті. Білімгерлердің айтуынша, ән жұмбақ сайысы серпіліс берді.

Тартысқа толы өткен зияткерлік ойын қорытындысына сәйкес «Key to life» командасы 3-орынды иеленді. Ал, Назарбаев зияткерлік мектебінің жас ұстаздарынан құралған «Youngstars» командасы 44 ұпаймен 2-орынға жайғасса, 7 кезеңнің нәтижесінде журналистерден құралған «Тұран БАҚ» командасы 45 ұпай жинап, сайыс жеңімпазы атанды.

«Youngstars» командасының мүшесі, Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстазы Арслан Атабектің айтуынша, командаластары осы бағыттағы додаларға қатысып келеді.

— Ең әуелі, «AMANAT-AQYLMAN» сайысының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтағым келеді. Біздің команда өзге де интеллектуалды байқауларға қатысып, мол тәжірибе жинақтауда. Ал, осы жолғы додада жүлделі 2-орыннан көріндік. БАҚ өкілдерінен құралған «Тұран БАҚ» командасы 1 ұпай айырмашылығымен басым түсті. Дегенмен, біздің топ үшін осының өзі жетістік. Өйткені, бұған дейін жүлделі орындарға ие болмаған едік. Келесі бәйгеде жеңістің ең биік тұғырынан көрінуге бар күшімізді саламыз,-дейді жарыс жүлдегері.

Жеңімпаз атанған топ жыл соңында өтетін ақтық сайысқа жолдама алды. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...