Қоғамдық кеңес аясында халықтың әлсіз топтарын, әсіресе, көп балалы отбасыларды қолдаудың және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.
Халықты жұмыспен қаму, аз қамтамасыз етілген және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша жұмыстар жүйелі түрде атқарылуда.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жүйелі түрде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылуда. биылғы жылы бюджеттен 715,5 млн.тг бөлініп, 3 585 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетілді.
263 адам протездік-ортопедиялық құралдармен,
270 сурдо-тифлотехникалық құралдармен,
245 адам қоларбамен
401 адам жеке көмекшілер қызметімен
311 адам шипажайға жолдамалармен
1449 адам жеке гигиеналық құралдармен,
151 адам инватакси қызметімен
8 адам әлеуметтік такси қызметімен қамтылды
Бүгінгі таңда Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 3 бағытта жұмыс атқаруда. Атап айтқанда «Тең қоғам», «Белсенді ұзақ өмір» және «әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу» орындары
Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек алатын 4 696 балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтары берілді.