ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ БИІК ҒИМАРАТ СЫРТЫНДА ҚАЗАҚСТАН ТУЫ БЕЙНЕЛЕНДІ

Әлемдегі ең биік мұнара Бурдж-Халифа ғимаратының сыртында Қазақстан Туы бейнеленді.
«Бүгін кешке Бурдж-Халифа Қазақстан Республикасының құрметіне жағылады. Халқына гүлдену және бейбітшілік тілейміз», — делінген Бурдж-Халифа ғимаратының Instagram-парақшасында.
«Бурдж Халифа» мұнарасы Дубайда орналасқан (БАӘ). Биіктігі – 828 метр, 163 қабатты. Әлемдегі ең биік және ең көпқабатты ғимарат.
Еске салайық, 25 қазан күні Қазақстан халқы Республика күнін атап өтті.
Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды биыл жазда Ұлытау өңірінде өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған болатын. 25 қыркүйекте Президент тиісті заңға қол қойды.
x

Check Also

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді. Жасанды интеллект жүйелері ақпараттандыру нысаны ретінде анықталды. Енді жасанды интеллект адамның ...

Президенттің пікірінше, сирек кездесетін металдарды өндіру және өңдеу саласындағы серіктестік перспективті бағыттың бірі саналады

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылатын Жұмыс тобынан барлық аспектіні мұқият зерделеп, өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қоюға қатысты ұсыныс беруді сұрады. Сонымен ...