400 ТОННАҒА ЖУЫҚ ТҮРКІСТАН КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ӨНІМІ АЛМАТЫДА ЖӘРМЕҢКЕГЕ ҚОЙЫЛДЫ

Республика күніне орай Алматы қаласында Түркістан облысының ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілуде. Жәрмеңкеге жалпы құны 180 млн.теңгенің 400 тоннаға жуық өнім әкелінді. Шараға Түркістан облысының барлық аудан, қалалары қатысып жатыр.
Өнімнің 50-ден аса түрлері (ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жармалар, майлар және т.б.) әкелінді. Атап айтқанда, 55 тонна ет өнімі, 200 тоннаға жуық көкөніс, жеміс — жидек, 25 тонна сүт өнімдері, 5 тонна балық және 100 тоннаға жуық өзге де өнім түрлері саудалануда.
Алматы қаласында ұйымдастырылған ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі 23-24 қазанда өтеді. Жәрмеңке сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін Алматы қаласы, Шевченко көшесінің бойында, Қонаев көшесі мен Пушкин көшелерінің аралығында өткізіледі.
x

Check Also

Қазақстан әлемдегі топ-100 суперкомпьютер қатарына енді

Ұлттық суперкомпьютер «Alem.Cloud» әлемдегі ең қуатты есептеу жүйелерінің халықаралық рейтингі TOP500 тізімінде 86 орынды иеленді. Бұл рейтингке тек HPL (High-Performance ...

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді. Жасанды интеллект жүйелері ақпараттандыру нысаны ретінде анықталды. Енді жасанды интеллект адамның ...