3986 БАЛА КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАМА АЛДЫ

Жыл басынан бері, Түркістан қаласында 3986 балаға кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілген.
Жалпы, КӘТ — елімізде аз қамтылған отбасындағы балаларды әлеуметтік қорғау бағытында жүзеге асқан жобалардың бірі.
Кепілдендірілген әлеуметтік пакет – бұл Қазақстан Республикасы Үкіметі 1 жастан 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасының әрбір баласына белгіленген көмек түрі.
Көмек пакеті шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алатын тұрмысы төмен отбасыларға тағайындалады.
Егер осындай отбасыларда бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет – Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде қол жетімді болса.
Алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет тиісті оқу жылы алдында беріледі.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік көмек ай сайын азық-түлік жиынтығы, тоқсан сайын тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы түрінде ұсынылады.
Азық-түлік тізімі Үкіметтің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1032 қаулысымен бекітілген және осы жастағы балалардың физиологиялық ерекшеліктерін, тағамдық және энергетикалық құндылығы ескеріле отырып құрылған.
Әлеуметтік көмектің құрамына анемия, рахит, дисбактериоздың алдын алу үшін кальций және басқа микроэлементтермен байытылған дәрумендері, пробиотиктері бар әртүрлі (сүт, көкөніс, жеміс) өнімдер бекітілген.
Орта білім беру ұйымдарында оқитын 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакетке:
1) мектеп формасы немесе спорттық киім, мектеп құралдары жиынтығы;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес оқу жылы кезеңінде оқу орнында (оқу күндері) күнделікті бір рет ыстық тамақ;
3) қоғамдық көлікте (таксиден басқа) билеттің толық құнының 50 пайызынан кем емес мөлшерде жеңілдікпен жол жүруі кірген.
x

Check Also

Түркістан: Базардағы кітапханаға 10 мыңдай оқырман келген

Түркістан облысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен вице-министрлер жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында «Базардағы кітапхана» жобасы шеңберінде «Қуаныш» сауда орталығында ...

Түркістан: «Бабалар дәстүрі – тәрбиенің бастауы» атты облыстық байқау өтті

Түркістанда «Бабалар дәстүрі – тәрбиенің бастауы» атты байқауы өтті. Шараның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, ұлттық құндылықтарды ...