«Ұлы дала жорығы» бәйгесі аяқталды (видео)

«Аманат» партиясының қолдауымен елімізде алғаш рет ұйымдастырылған «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі аяқталды. 12 күн бұрын Елордада басталған аламан кеше Түркістанда түйінделді. Ұлттық спортты ұлықтап, тақымында тұлпар ойнатқан шабандоздардың жарысын жанкүйер қауым ыстық ықыласпен қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Астанада басталған «Ұлы дала жорығы» бәйгесі 12 күнді артқа тастап Түркістанда өз мәресіне жетті. Ұлттық құндылық пен ат өнерін дәріптеген жобаның алғашқы нәтижесі жаман емес. Дүбірлі додаға 19 өңірден 200-ге жуық сәйгүлік қатысты. Әр команда марафон-бәйгеге бес аттан қосып, 600 шақырымнан кейін оларды ауыстырып отырды. Шабандоздар күніне 100 шақырымды бағындырды. Сонысымен көптің ыстық ықыласы мен жоғары бағасына ие болды.

Асхат Оралов AMANAT партиясының атқарушы хатшысы:
– Сайыстың соңғы күні жарыс жолында 4 команда қалды. Командалық есеп бойынша Маңғыстаудың «Көкмойнақ» командасы көшпелі бәйгенің жеңімпазы аттанды. Ұзақ жолға мойымаған шын мықтылар 24 млн теңгенің сертификатын иеленді. Екінші орын Жетісу өңірінің «Жетісу» командасына бұйырды. Оларға 12 млн теңге берілді. Ал Түркістан облысының «Теріскей» командасының шабандоздары 9 млн теңге сыйақыны қанжығаларына байлады.

Нұрсұлтан Тұқымбай, Маңғыстау облысы командасының шабандозы:
– Бәйге барысында қатысушылар демалыс орнымен, азық-түлікпен және қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз етілді. Аламанның басты мақсаты – ұлттық спортты жаңғыртып, халықтың рухын көтеру дейді ұйымдастырушылар.

x

Check Also

Қытай мен Орталық Азия: Өзара ынтымақтастықтың жаңа беті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысып, өңірлік ынтымақтастықты дамыту мен екіжақты қарым-қатынастарды нығайту жолында маңызды ...

Начался прием конкурсных заявок на грант «Тәуелсіздік ұрпақтары» 2025 года

Министерство культуры и информации Республики Казахстан объявляет старт конкурса по присуждению гранта «Тәуелсіздік ұрпақтары», учрежденного Главой государства. Цель присуждения гранта ...