Түркістанда «Ұстаз барысы» анықталды

Түркістанда ерекше турнир өтті. Қазақ күресінен тұңғыш рет «Ұстаз барысы» додасы ұйымдастырылып, мықты балуандар анықталды.

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған сайыстың мақсаты – қазақ күресін дамыту және ұстаздар арасында саламатты өмір салтын насихаттау.

Қорытынды сайысқа 17 аудан және қалалық іріктеу жарыстарынан 7 салмақ бойынша бірінші орын алған 119 ұстаз қатысты. Нәтижесінде жалпыкомандалық есепте Отырар ауданы көш бастады. Бәйдібек ауданының балуан ұстаздары екінші орынды місе тұтса, Кентау қаласының командасы үздік үштікті қорытындылады. Жүлделі орын алған командаларға медаль мен кубок берілді.

«Түйе балуандар» сынында Төреқұлов Асқар (Отырар ауданы) доданың «Түйе балуаны» атанды. Екінші орынға Мақсат Рақышев ие болса, үшінші орын Ербол Әбдіхановқа бұйырды. 3 балуанға да қомақты қаржылай сыйлық табысталды.

Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында биыл алғаш рет өткен «Ұстаз барысы» турнирі жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі деп жоспарланып отыр.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...