Түркістанда мұғалімдер арасында қалалық спартакиада басталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда мұғалімдер арасында қалалық спартакиада басталды

Түркістан қаласында мұғалімдер арасында спорттың 5 түрі бойынша спартакиада басталды.

Қала көлеміндегі жарыс 21-30 қыркүйек аралығында өтеді. Мәселен, үстел теннисі, волейбол (ерлер және әйелдер), шахмат, кіші футболдан 500-ге жуық ұстаз өзара бақ сынап жатыр.

Бүгін С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебі мен М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясында ерлер арасында волейбол мен үстел теннисі турнирі өтуде.

Жарысқа облыс орталығындағы мектептерден жасақталған 32 команда қатысуда. Спорттық бәсеке барысында үздіктер іріктеліп, облыстық спартакиадаға жолдама алады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...