Түркістан облысы Бәйдібек ауданында ғасыр жасаған қарияларға құрмет көрсетілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында ғасыр жасаған қарияларға құрмет көрсетілді

Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков пен аудандық мәслихат хатшысы Асқар Кенехан аудандағы 107 жастағы Күміс Көшкінбаева мен 102 жастағы Қарашаш Тәжібаеваның шаңырағында болып, халықаралық қарттар күнімен құттықтады. Бір ғасырды көрген екі әжейге мерекелік сый-сияпат жасап, иықтарына орамал жапты.

Бәйдібек ауданы Қошқарата ауылында кенже ұлымен тұратын Қарашаш Тәжібаева 1920 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. 8 ұл-қызды тәрбиелеп өсірген алтын құрсақты батыр ана 20 немере, 15 шөбере сүйіп отыр. Қарашаш әже жастайынан еңбекке араласып, кетпен шауып, жер жыртып, ауыр жұмыстарды атқарған. Соғыс жылдары тоқыма тоқып, майданға түрлі киім-кешектер жіберіп отырған. Тыл еңбеккері, Жеңістің 50,60,65,70,75 жылдығы мерекелік медалдарымен марапатталған.

Ал, Алмалы ауылындағы Күміс әже 60 жастағы кенже ұлымен тұрады. Күміс әженің тұңғышы 85 жаста. Жастайынан сауыншы болып жүріп 10 ұл-қызды тәрбиелеп өсірген Күміс әженің 60 немере, 38 шөбере, 28 шөпшегі бар.

Жалпы аудан көлемінде 100-ден асқан 6 әже ұл-қыздары мен немере-шөберелерінің ортасында бақытты ғұмыр кешуде.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету: Төле би ауданында Президент тапсырмасы орындалды

Мемлекет басшысы шалғай елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес Түркістан облысында инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі ...

Түркістанда «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында республикалық семинар өтті

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітап оқитын ұлт: оқу мәдениетін дамыту жолдары» тақырыбында республикалық семинар өтті. Іс-шараның мақсаты – ...