Koç Holding түрік компаниясы Түркістанда бірқатар жобаларды жүзеге асыруға ниетті — Xnews — ақпарат агенттігі

Koç Holding түрік компаниясы Түркістанда бірқатар жобаларды жүзеге асыруға ниетті

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай Түркиялық «Koç Holding» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Түркиядағы ең ірі қаржы — өнеркәсіптік компаниясының қазіргі жұмысымен, сондай-ақ облыста томат пастасы өндірісі жобасын жүзеге асыру жоспарымен танысты.

Озгур Аккол мырзаның айтуынша, түркиялық холдинг ауыл шаруашылығы саласында бірқатар жобаны жүзеге асыруға ниет білдіріп отыр.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Түркиямен арадағы ынтымақтастықтың еліміз үшін аса маңызды екеніне тоқталып, Түркістанда жұмыс істейтін инвесторларға әкімдік тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетінін айтты.

Айта кетейік, «Koç Holding» Түркияның ең ірі қаржылық және өнеркәсіптік конгломераты. Fortune Global 500 тізіміне енген Түркиядағы жалғыз компания. «Koç Holding» құрамына 113 компания, 90 000 қызметкер және 14000 дилер мен агенттіктер кіреді. «Koç Holding» түрік экономикасының қозғаушы күші болып табылады.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...