Демеушілер 2 мыңнан астам оқушыға көмек көрсетті — Xnews — ақпарат агенттігі

Демеушілер 2 мыңнан астам оқушыға көмек көрсетті

Түркістан облысында демеушілер қолдауымен 2 мыңнан астам балаға мектепке арналған оқу құралдары үйлестірілді. «Самұрық-Қазына» қорының демеушілігімен және Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясы өңірімізде қарқынды түрде жүргізілуде.

Балаларға оқу құралдарын үйлестіру, табыстау жұмыстарын жастар мен волонтерлер ұйымдастырып жатыр. «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы жыл сайын өткізіліп келеді. Шараның басты мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде қолдау көрсету.

Акция 1 тамыз — 30 қыркүйек аралығында осымен он бірінші жыл өткізіліп отыр. Акция өткізілген 10 жыл ішінде 2 млн. 600 мыңнан астам балаға жалпы сомасы 17 млрд. 800 миллион теңгеден астам материалдық көмек көрсетілді.

«Самұрық-Қазына» қоры еліміз бойынша 12 мың балаға бірінші сынып оқушыларына арналған, оқуға қажетті құрал-жабдықтар салынған рюкзактар таратуды көздеген. Түркістан облысында бұл сый аудан, қала бойынша 2403 оқушыға берілді.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...