Түркістандықтар жүргізуші куәлігін алу үшін Шымкентке сабылмайтын болды

Бүгінге дейін түркістандықтар жүргізуші куәлігін алу үшін Шымкентке баруға мәжбүр болатын. Бұл мәселе өз шешімін тауып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

22 тамыздан бастап Түркістан облысының тұрғындары қаладағы «Turan-Bereke-QZ» автодромының базасында практикалық емтихан тапсыра алады. Автодромда B, C, CE, C1, D1 санаттары бойынша сынақтан өтуге мүмкіндік бар. Ал, теориялық емтиханды Сарыағаш және Түркістан қалаларында да тапсыруға болады.

«Комиссия мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп практикалық емтихан қабылдайды. Емтиханды дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Түркістан қаласы Көктем көшесі, 59 А мекенжайы бойынша тапсыруға болады. Сенбі және жексенбі – демалыс», — делінген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, біз бұдан бұрын шымкенттіктер жүргізуші куәлігін алу үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы алдында түнімен кезекте тұруға мәжбүр екендігін жазған едік. Себебі, бір ғана мекеме Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындарына қызмет көрсетіп келген болатын. Соның салдарынан ұзын-сонар кезек туындап, қолайсыздық тудырған еді.

x

Check Also

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласында “Бірлік” мөлтек ауданының арыз-шағымдары тыңдалды!

Қала тұрғындарымен кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы бүгін Яссы және Бірлік секторының тұрғындарымен кездесті. Бірлік тұрғындарымен кездесу барысында 2024-2025 жылдары тұрғындар ...