Түркістандық құрылысшылар өз мерекелерінде 4 отбасына баспана сыйлады

Түркістан қаласында құрылыс жүргізуші мердігер компаниялар Құрылысшылар күні мерекесін өте мағыналы іспен өрнектеді. Олар төрт отбасына бақыт сыйлады. Дәлірек айтсақ, әлеуметтік қолдауға мұқтаж 4 отбасына баспана салып берді.

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков қиын жағдайда күн кешіп жүрген жандарды үймен қамтамасыз ету бастамасын көтеріп, құрылысшыларға ұсыныс жолдаған болатын. Ұсыныс қабылданып, бүгін құрылысшылардың кәсіби мерекесінде осы отбасылардың қуанышы еселенді.

– Бүгін біз өнегелі істің куәсі болып отырмыз. Ел ішінде: «Жамандық пайда етпейді, Жақсылық зая кетпейді» деген қанатты сөз бар. Қайырымды болу – адамның болмысына біткен ізгі амал. Маңайыңдағы адамдарға мейірімділік пен ізгілік таныту – адамгершіліктің белгісі. Ал, адамзаттың барлығына «бауырым» деп қарау Абайдан қалған өсиет. Осы өсиетке адалдық танытып, бүгінгі игі істің бастамашысы болған қаламыздағы құрылысшылар қауымына шынайы алғысымды білдіремін! – деп, мерекелік құттықтауын арнады.

Құрылысшылардың жомарт жүрегімен ұсынылған төрт баспананың кілтін жаңа иелеріне тапсырып, шаңырақтарына құт пен береке тіледі. Әр отбасыға ұсынылған үй үш бөлмеден тұрады, баспаналар қажетті жиһазбен тұрмыстық техникалармен қамтамасыз етілген,

Мерекелік жиын барысында құрылыс саласының үздіктері марапатталды.

x

Check Also

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласында “Бірлік” мөлтек ауданының арыз-шағымдары тыңдалды!

Қала тұрғындарымен кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы бүгін Яссы және Бірлік секторының тұрғындарымен кездесті. Бірлік тұрғындарымен кездесу барысында 2024-2025 жылдары тұрғындар ...