Түркістанда Орталық Азия еріктілерінің форумы өтті

Түркістанға Орта Азияның алты түркі тілдес елінен волонтерлар жиналды. Жалпы форум қатысушылары волонтерліктің жаңа үрдістерін, волонтерлікті дамытудағы Қазақстанның жақсы тәжірибесін талқылайды.

Өңірімізден спикер ретінде «Қазақстанның Медицина Жастары» РҚБ президенті Абылайхан Әбдіраш; Ерекше қажеттіліктері бар адамдармен жұмыс істеудегі құқық қорғаушы Вениамин Алаев; «Жас Қадам» еріктілер ұйымының жетекшісі Қалдаяқ Гүлім Тарғанбекқызы қатысады.

Жалпы форум екі кезеңнен тұрады:

I кезең. Түркістан облысында халықаралық волонтерлер мен сарапшылардың қатысуымен Қазақстанның волонтерлікті дамытудағы тәжірибесін талқылау, үздік волонтерлік жобаларды таныстыру үшін офлайн форматта пікірталас өтеді. Қатысушыларды білім беру, экология, медицина, жұмысқа орналастыру, инклюзия, бұқаралық спорт, этно-еріктілік, үздік тәжірибелер, шығармашылық аймақ және әлеуметтік шеберхананың жеке бағыттары бойынша ойын практикасы өтеді.

II кезең. Елордада TEDx talks форматындағы қорытынды форум өтеді. Онда панельдік сессиялар, волонтерлік қызмет кеңесі/пулы алаңдары ұйымдастырылып, делегаттар сөз сөйлейді.

x

Check Also

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласында “Бірлік” мөлтек ауданының арыз-шағымдары тыңдалды!

Қала тұрғындарымен кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы бүгін Яссы және Бірлік секторының тұрғындарымен кездесті. Бірлік тұрғындарымен кездесу барысында 2024-2025 жылдары тұрғындар ...