Түркістанда этнос өкілдері тарихи-мемориалдық мұражайлардың құнды жәдігерлерімен танысты

Бүгін Түркістан облысындағы этнос өкілдері «Қазақтану» мәдени-ағарту жобасы аясында Түркістан қаласындағы тарихи-мемориалдық мұражайлармен танысты, — деп хабарлайды «Xnews» Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға өңірдегі этномәдени бірлестік өкілдері, «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелері және облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Шара барысында қатысушылар Н.Оңдасынов атындағы музейі мен Н.Төреқұлов атындағы музейіне экскурсия жасады. Бұдан соң, шаһардағы С.Ерубаев атындағы музей мен «Ұлы Дала Елі» орталығына барып, тарихи жәдігерлермен танысты.

– Президентіміз халыққа арнаған Жолдауында: «Біз ең басты құндылығымыз – Тәуелсіздігімізді сақтап, ұлттық бірегейлігіміздің негізін нығайтып, елімізді жаңғырту жолында ұйысуға тиіспіз. Бұл – болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті борышымыз» деген болатын. «Қазақтану» жобасы елімізде мекен ететін этностар арасында қазақ халқының тарихын, дәстүрлерін, өзіндік принциптерін дәріптеуге бағытталған. Бір сөзбен айтқанда, елді біріктіретін ұлттық бірегей жоба. Бүгінгі шарада этнос өкілдері бірнеше музейге барып, білім көкжиегін кеңейтіп, көптеген тың деректерге қанық болды. Іс-шара болашақта да жалғасады, — деді «Қоғамдық келісім» КММ-і басшысының орынбасары Е. Баетов.

Шара соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, естелік суретке түсті.

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...