Түркістан облысында мектеп формасы мен кеңсе заттары төмен бағада сатылып жатыр — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында мектеп формасы мен кеңсе заттары төмен бағада сатылып жатыр

Бүгін Түркістан облысында мектеп жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Таңертеңгі сағат 9:00- ден бастап Түркістан облысына қарасты әрбір аудан орталығы мен қалада мектеп жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Онда мектеп формалары мен оқушыларға қажетті кеңсе тауарлары арзандатылған бағамен саудалануда.

Мәселен, Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылының орталық алаңында отандық тауар өндірушілер жасап шығарған кеңселік құрал-жабдықтар 10%-дан 15%-ға дейін төмен бағада сатылып жатыр.

Ал, мектеп формасы мен аяқ киімге — 10%, сөмкелерге — 50%-ға дейін жеңілдік жасалған.

Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін арнайы киімді киіп көретін орындар әзірленген.

Ал, мәдениет үйінің қызметкерлері әсем әндер шырқап, жәрмеңкені жан-жақты насихаттап отыр.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...