Түркістан облысында биыл 54 мың бала мектепке алғаш рет барады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында биыл 54 мың бала мектепке алғаш рет барады

Түркістан облысында 1-сыныпқа 54 570 оқушы қабылданады. Бұл еліміздегі ең үлкен көрсеткіш. 961 мектепте 510 мыңнан астам бала білім алады.

Жаңа оқу жылына дайындық барысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында баяндалды. Облыс әкімі білім саласына қатысты мәселелердің басты назарда екенін ескертті. Балалардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдайдың жасалуы — әкімнің жіті бақылауында.

Түркістан облысында жаңа оқу жылына қарсы 5 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Жыл соңына дейін тағы 16 мекетптің құрылысы аяқталады. Өңірде жекеменшік мектептер саны 56 –ға жетті. Облыс бойынша үш жылда 200 мектеп салу жоспарланған. «Мектепке жол» республикалық акциясы 568 балаға жалпы 12,5 млн.тг демеушілер тарапынан материалдық көмек берілген. Шара қыркүйек айының аяғына дейін жалғасады.

Орта білім беру ұйымдарының білім сапасын арттыру мақсатында толыққанды оқу процесіне қажетті барлық функциялардың жиынтығы бар бірыңғай интеграцияланған «Bilim Land» білім беру онлайн платформасымен «Әлеуетті мемлекеттік жекешелік әріптестікті іске асыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы Меморандум» түзілген. Сонымен қатар, басқарма басшысы мектепке дейінгі ұйымдар туралы да баяндады.

Пән кабинетін жабдықтауға күш салынды. 57 сынып физика, химия, биология, STEAM 6 білім беру жүйесі енгізіліп, жасақталады. 2022-2023 оқу жылына қажетті оқулықтар сатып алуға облыстық бюджеттен 5 млрд.теңгеден астам қаржы бөлінген. Оның ішінде 378 млн.теңгеге көркем әдебиет сатып алу жоспарланған. Сонымен қатар, облыстағы 28 колледж 314 кәсіпорынмен бірлесе 5122 студентті дуальды оқытумен қамтып жатыр.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...