Сенаторлар Қазығұрттық шаруалардың жұмыстарын оң бағалады

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ә.Бектаев пен С.Құртаев жұмыс сапарымен келді.

Арнайы ауданға ат басын бұрған сенаторлар аудандағы ауыл шаруашылығында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Атап айтар болсақ, «Бірлік» өндірістік кооперативінің қарқынды бауының алма жинау науқанына қатысып, ұжыммен кездесті.

Соңғы 10 жылда аудан көлемінде алма баудың көлемі 604 гектарға жеткен. Ал «Бірлік» өндірістік кооперативінде ауданның жүздеген тұрғыны жұмыспен қамтылып, қарқынды бау көлемі – 120 гектарды құрап, бүгінгі таңға 500 тоннадан артық алма жиналған. Сенаторлар қазығұрттық диқандардың жұмысын жоғары бағалады. Сонымен қатар сенаторлар аудан кәсіпкерлері және шаруа қожалық төрағаларымен жүздесіп, олардың өтініштері мен сұрақтарына жауап берді.

x

Check Also

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласында “Бірлік” мөлтек ауданының арыз-шағымдары тыңдалды!

Қала тұрғындарымен кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы бүгін Яссы және Бірлік секторының тұрғындарымен кездесті. Бірлік тұрғындарымен кездесу барысында 2024-2025 жылдары тұрғындар ...