Мемлекеттік туды тасқынды судан алып шыққан полицейдің лауазымы өсті

Тасқын су ортасынан Мемлекеттік туды алып шыққан Есімжан Нәдіров Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен жылдың желтоқсан айында Мақтаарал ауданында су тасқыны болып, полиция майоры Есімжан Нәдіров суық суды белуардан кешіп, Мемлекеттік туды аса ұқыптылықпен тасқын ортасынан алып шыққан болатын. Бұл көрініс видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көпшілікті тәнті еткен еді.

Полиция майоры Есімжан Үсенбекұлы Нәдіров ішкі істер органдарында 2007 жылдан бері қызмет етіп келеді. Білімі жоғары, заңгер. 2011 жылы ҚР ІІМ Алматы Академиясын бітірген.

Еңбек жолын Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полиция басқармасында тергеушісі болып бастаған. Кейінгі жылдары Мақтаарал ауданында тергеуші, аға тергеуші, анықтау бөлімінің бастығы, көші-қон полициясы бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.

2019 жылдан бері Жетісай ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары болды.

x

Check Also

Кентау қаласын газбен қамту үлесі биыл 93 пайызға жетеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру бойынша елімізде инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелер ретімен шешімін тауып жатыр. Осы ретте Кентау ...

Түркістанда «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінің жеңімпазы мен жүлдегерлері марапатталды

Түркістанның Түркі әлемінің туристік астанасы атануына орай өңірде «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі биыл да жалғасты. Бүгін облыс орталығында фестиваль ...