Түркістанда үкіметтік емес ұйымдарға ғимарат берілдІ — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда үкіметтік емес ұйымдарға ғимарат берілдІ

Түркістан қаласында игі бастама жалғасын тапты. Былтыр Жеңіс саябағында Ынтымақ үйі пайдалануға берілген болатын. Енді соның екінші қабаты этномәдени орталықтар мен үкіметтік емес ұйымдардың кеңсесі болады. Бұл жұмыстар қала әкімінің ұйымдастыруымен жүзеге асты, деп хабарлайды «Ońtústik» телеарнасы.

Ынтымақ үйі ғимаратын салуға қала әкімдігінің қаржысы жұмсалмаған. Бұл ғимарат демеушілер тарапынан сыйға берілген. Былтыр мұнда Ақсақалдар мен билер алқасы , аналар кеңесі және «Шұғылалы таң » қоғамдық қоры бірінші қабатына жайғасқан болатын.

Бүгін мұнда бірден 7 кабинет пайдалануға берілді. Оның ішінде Этномәдени орталықтар, Ауған соғысының ардагерлері, Семей-невада қозғалысының өкілдері бар.

— Кейінгі кездерде сол этномәдени орталықтардың бәрі ешқандай жай таппай әр жерде жүрген еді, өздерінше тауып алып соны енді мезгілі жетті ғой сендерді де осы бөлек жерде ұйымдастырайық деген уәдесін орындап үлкен зданиенінің 2-этажын толық ремонттап берді,-деді Түркістан қалалық ассамблеясы Қоғамдық келісім ұйымының төрағасы Әбдіхан Әбдіқадыров.

Мұнда конференция залы да бар. Ашылу салтанатынан соң билер алқасы мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері өздерін толғандырған мәселелер жөнінде әкіммен ой бөлісті.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...