Түркістанда қоғамдық көліктердің мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігі артады

Түркістан облысы, Түркістан қаласында мүгедектігі бар азаматтарды қоғамдық көлікпен тасымалдау мәселелері талқыланып, тиісті ұсыныстар айтылды.

Бұл талқылауға Түркістан облысы әкімінің мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі Ерлан Абдиев пен Түркістан қаласы әкімінің осы саладағы штаттан тыс кеңесшісі Мұхамметәлі Тасқынбаев және қалалық бөлім басшылары қатысты.

Кездесу барысында инватакси қызметі автокөліктерінің арбадағы азаматтарды тасымалдауға қолданылатын құрылғылары заман талабына сай емес екені сөз болды. Кеңесшілер автокөліктердің бір бөлігін гидролифтпен жабдықтау және желдеткіш орнату, тазалығын реттеу жөнінде ұсыныстарын жеткізді.

Түркістан қаласындағы қоғамдық көліктердің қолжетімділігі де сарапталды. Бұл мәселеде алға басушылық бар. Қаладағы 2 ірі мердігерің бірінде автобустарының 100%-ы, яғни 30 дана автобус мүгедектігі бар азаматтарға бейімделген. Бірақ екінші мердігер ұсынған автобустардың панудстары талапқа сай емес. Автопрак иелеріне осы кемшіліктерді жою, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдау саласындағы қиындықтардың алдын алу мақсатында 6 ай сайын қоғамдық бірлестіктер арқылы тренинг өткізу ұсынылды.

Алдағы уақытта Түркістан қаласына әкелінетін жаңа автобустардың бәрі қатаң қадағалаудан өткізілмек. Олар мүмкіндігі шектеулі жандарға да ыңғайлы болады.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...