​Шымкентте «пәтер алып беремін» деп алдаған алаяқ сотталды

Шымкент қаласында 21 тұрғынды алдаған азаматша 4 жылға сотталды.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ол екі жыл бойы азаматтарға «мемлекеттік бағдарламамен пәтер алуға көмектесемін» деп алдап келген. Алаяқтың арбауына 21 тұрғын түсіп, жалпы сомасы 34 млн ақша берген.

«Алаяқтықты кәсіп еткен 27 жастағы азаматша қала аумағында соғылып жатқан көпқабатты тұрғын үйлерден танысы арқылы пәтер алып бере алатындығын алдап айтып, өзін жарнамалап, тұрғындардың сеніміне кіріп, ақшаларын өз пайдасына жаратып отырған», — делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, балаларын қарату үшін үйіне жұмысқа алған келіншектің банк картасын алдап сұрап алып, ұялы телефонына оның қосымшасын орнатып қойған. Ал жәбірленушілер берген ақшаның бәрі сол картаға түсіп отырған. Келіншек бұл алаяқтық әрекетті білген сәтте полицияға арызданған.

Бұдан өзге, басқа жәбірленушілерден алған ақшаны кездейсоқ адамдарға өтініш жасап, банкоматтардан шешіп жүрген.

Үйді ала алмай, алданғанын білген тұрғындар полицияға арызданған. Тәртіп сақшыларымен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары барысында, куәлерден жауап алып, сұрастыру жұмыстары жүргізіліп, банктік аударымдар тексеріліп, азаматшаның алаяқтық ісі дәлелденген.

Нәтижесінде қылмыстық істі жасағаны үшін азаматша 4 жылға сотталған.

x

Check Also

Шымкентте экономиканы әртараптандыру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде

Шымкент қаласында өнеркәсіптік сала белсенді дамуда және қала экономикасының маңызды бір бөлігіне айналуда. 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Шымкентте ...

Шымкентте «Tolqyn» пікірсайыс клубы өз жұмысын бастады

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен қаланың колледж студенттерінен құралған жаңа «TOLQYN» пікірсайыс клубы өз жұмысын ресми түрде бастады. Қазіргі ...