«Екі қызға көмектеспек болған»: ШҚО-да жас жігіт суға батып кетті

Шығыс Қазақстан облысында 22 жастағы жігіт қаза тапты. Қайғылы оқиға 13 маусымда кешкі уақытта Ұлан ауданында болған. Бұл туралы өңірлік ТЖД хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 13 маусымда Ұлан ауданында сағат 18:30 шамасында рұқсат етілмеген жағажайда оқиға куәгерлері 2000 жылы туған жігіттің денесін судан алып шыққан.

Жақын маңайда демалып жүргендердің бірінің айтуынша, ол айқайлаған дауыс естіген. Осыдан кейін олар бірнеше адам жиналып қалған орынға жүгіріп барған. Осы кезде жас жігітті судан алып шыққан.

«Біз және тағы екі жігіт жасанды дем алдыра бастадық, бірақ суға батқан ер адам есін жимады», — дейді әйел.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері жас жігіттің қайтыс болғанын анықтаған. Қазір полиция қызметкерлері тергеу жүргізуде.

«Алдын ала дерек бойынша жігіт өзімен бірге демалып жүрген екі қызға көмектеспек болып батып кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деді ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінен.

x

Check Also

Сауда министрлігі әлеуметтік тауарлар бағасын бақылауды күшейтеді – өңірлерде жәрмеңкелер көбейеді

ҚР Сауда және интеграция министрлігінде мүдделі мемлекеттік органдар және әкімдіктермен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы және бағаның өсімін ...

ТОО «Пакетная фабрика» получило льготное финансирование на развитие переработки бумаги

АО «Жасыл даму» предоставляет финансирование в виде займов под 3% годовых сроком до 15 лет с отсрочкой по выплатам до ...