Сарыағашта «Мемлекеттен 5 миллион теңге әперемін» деп алдаған екі алаяқ сотталды

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне бірнеше жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтықтың құрбаны болғандығын жеткізген. Олардың айтуынша, сырттай таныс әйел «мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қайтарымсыз 5 миллион теңге алып беремін» деп сеніміне кіріп, әрқайсысынан 300 000 теңгеден алған. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық » бойынша тіркелді.

«Ұсталған күдіктінің бірі жергілікті тұрғын болса, екіншісі Алматы облысының тұрғыны. Анықталғандай, күдікті екеу мемлекеттен қайтарымсыз ақша алып береміз деп, таныстарының әрқайсысынан 300 000 теңгеден алып, бас пайдаларына жаратып жіберген. Жалпы 20-дан астам жәбірленушіден 6,5 миллион теңгеден астам ақша алыпты. Сарыағаш аудандық сотының шешімімен 37 және 32 жастағы жұмыссыз әйелдер ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандықтарынан айырылды«, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

x

Check Also

Шымкентте балалардың қауіпсіздігіне арналған республикалық акция өтті

2025 жылдың 22 мамыры мен 1 маусымы аралығында елімізде «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл бастама балалардың құқықтарын ...

Безопасность детей — в центре внимания

В Шымкенте прошло масштабное праздничное мероприятие, посвящённое безопасности детей. 29 мая 2025 года на площади «Наурыз» в городе Шымкент состоялось ...