Сарыағашқа қосылған Бағыс ауылында жаңа мектептің іргетасы қаланды

Сарыағаш ауданының әкімі М.Отаршиев Бағыс елді мекенінде жаңадан салынып жатқан 300 орындық мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Xnews Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда елді мекендегі қолданыстағы Ғ.Мұратбаев атындағы №23 мектебінің қосымша ғимараты апаттық жағдайда, ал негізгі ғимаратының сыйымдылығы төмен болуына байланысты жаңа мектеп салу ұйғарылған. Құрылыс жұмыстарын «А.S.InvestStroi» ЖШС-нің құрылысшылары жүргізіп жатыр.

Іргетасы қаланып жатқан білім ошағын аралап көрген аудан басшысы мердігер мекемеге жұмысты кестеге сай жүргізіп, сапаға аса мән беру қажеттігін ескертті. Мердігер мекеме басшысы құрылыс монтаж жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын және құрылысты қаржыландыру бойынша кедергілер жоқ екендігін жеткізді.

– Мемлекет қаржысына салынып жатқандықтан құрылыс жабдықтарына барынша сапалы отандық өнімдерді пайдаланған абзал. Құрылыс кестеге сай жүргізіліп жатқаны көз қуантады. Аудан тарапынан қандай көмек қажет біз қолұшын беруге әзірміз, – деді М.Отаршиев.

Аталған мектептің құрылыс қарқыны дәл осылай жалғасса, жыл соңына дейін ел игілігіне берілетін болады. Ғимараттың жалпы ауданы 3121,39 шаршы метрді құрайды. Мұнда асхана, кітапхана және дене шынықтыру залдары орналасқан.

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...