Қордай ауданындағы Үлкен Сұлутөр ауылында сел жүріп, үйлерді су басты (видео) — Xnews — ақпарат агенттігі

Қордай ауданындағы Үлкен Сұлутөр ауылында сел жүріп, үйлерді су басты (видео)

Жамбыл облысы Қордай ауданына қарасты Үлкен Сұлутөр ауылын ұзақ жауған бұршақ пен нөсер жаңбырдан соң, тау суы шайып кеткен.

Бір сағаттан аса жауған бұршақ пен жаңбыр суы жиналып, таудың етегіндегі Үлкен Сұлутөр ауылына ағып келген. Ағысы қатты лай су екі мыңнан аса тұрғыны бар елдімекеннің басты көшесімен аққандықтан, онда көліктердің жүруі қиындаған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2 шаруашылық ғимараты зақымданып, 3 үйдің ішін су басқан. 1 үйдің газ құбырлары қираған.

Бұдан бөлек, ағысы қатты болған ағын судан малдар мен тауықтар қырылған. Қазір оның нақты есебі анықталуда. Ең бастысы зардап шеккен азаматтар жоқ.

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. 

x

Check Also

Жол апаттары азайғанымен, балалар өлімі алаңдатып отыр

2026 жылдың 10 айында Түркістан облысы бойынша 993 (2025 жылдың 10 айында — 1032) жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылдың ...

Электр энергетикасы – жаңа дәуірдің қозғаушы күші

Қазіргі әлем электр энергиясы экономикалық және технологиялық дамудың негізгі ресурстарының біріне айналған кезеңге қадам басты. Өнеркәсіп өндірісінің өсуі, цифрландыру, жаңа ...