Өмірзақ Шөкеев: Кентау әкімінің қылмысы дәлелденсе, отставкаға кетуге дайынмын

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласын басқарған Дәурен Махажановтың қылмысы дәлелденсе, отставкаға кетуге дайын екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қылмысы дәлелденсе, мен оставкаға кетуге дайынмын. Соттың шешімі болса болды», — дейді Өмірзақ Шөкеев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, биыл ақпан айында Кентау қаласының әкімі аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, шенеунік өзінің сенімді тұлғалары арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қаладағы автокөлік жолдарын жөндеумен айналысатын серіктестік директорынан 98 500 АҚШ доллары (42 млн 500 мың теңгеге баламалы) сомасында пара алды деген күдікк ілінген.

Қазіргі таңда оған қатысты Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

x

Check Also

Түркістан: Қазығұртта 1000 түп гүл және сәнді ағаш егілді

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан»экологиялық бастамасын қолдау мақсатында Қазығұрт ауданынындағы орталық саябақта кең көлемді тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Шараға аудан ...

Шұғыл штабтың тәулік бойғы жұмысы: Түркістан облысы шегірткеге қарсы жою жұмыстарын жүргізуде

Шегірткемен күресте технологиялар мен стратегиялар: түркістан облысының жаңа тәсілі. Биыл Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы өңдеу шаралары ...