Ө.Шөкеев әкімдерге уақыт берді

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан, қалалардағы 200-ге жуық ауылдық округте жаппай тексеру жүргізілді. Мониторинг нәтижесінде 540 бейберекет күл-қоқыс орындары анықталды. Ескертуден кейін 300-ден астам қоқыс орындары тазаланған. Қалғаны қаз қалпында. Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде баяндалды, деп хабарлайды Xnews Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс басшысы барлық аудан, қала әкімдеріне бір апта уақыт берді. Жеті күннің ішінде тапсырманы орындамағандарға шара қолданылады.

– Күл-қоқыспен күресе алмасаңдар, басқа неге шамаларың келеді? тапсырманы орындай алмағандарға шара қолданылады, – деді облыс әкімі.

Тексеру қорытындысы бойынша ауылдық округтерде орналасқан полигондардың арасында талапқа сәйкес келмейтіндері де анықталған. Мәселеге қатысты жауапты сала басшылары тапсырма алды.

Жиналыста облыс бюджетінің атқарылуы мен облыстағы мүлік иелері бірлестігінің мәселелелері туралы соңғы мәліметтер ортаға салынды.

Түркістан облысы аумағында 1,5 мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үй бар. Басым бөлігінде тұрғын үйге басқару органдары құрылды. Сонымен бірге аудан, қалалардағы 30 пәтерден асатын 300-ден астам тұрғын үйге мүлік иелерінің бірлестіктерін құру қажет. Бұл бойынша жол картасы әзірленіп, аудан, қала әкімдеріне тапсырма берілген.

x

Check Also

«Жетісай» индустриалды аймағында 2 мыңға жуық жұмыс орнымен 11 жоба іске қосылады

Жетісай ауданында өңір кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасау мақсатында Асықата кентінен 59 гектар жер аумағына «Жетісай» индустриалды аймағы құрылған болатын. Қазіргі ...

Жетісайда биыл заманауи теннис орталығы ашылады

Жетісай ауданында жеке кәсіпкердің инвестициялық қаржысы есебінен ірі медициналық орталық бой көтерді. Асықата кентінде бой көтеріп жатқан «Samruk Medical clinic» ...