Желкенді спортынан Түркістан облысының спортшылары топ жарды — Xnews — ақпарат агенттігі

Желкенді спортынан Түркістан облысының спортшылары топ жарды

Қонаев қаласындағы «Қапшағай» су қоймасында желкенді спорттан Қазақстан чемпионаты өтті. Оған еліміздің ең үздік 60 спортшысы қатысты. Айтулы сында Түркістан облыстық ССТ ОРМБЖСМ 14 жүлдеге қол жеткізді.

Атап айтсақ, 7 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль еншіледі.

Ел чемпионатында өз сайыстары бойынша А.Вакуленко, Ш.Эргашханов, А.Чуриков (2 алтын), А.Қалдарбек, Б.Рожанский, Б.Шакизада топ жарды. Ал З.Әбдірахман, Р.Дубовской, Н.Малахов пен Д. Петриченко күміс жүлдегер атанса, С.Чурикова, Е.Смирнова, К.Малахова қола жүлде олжалады.

Жалпыкомандалық есепте Түркістан облысының спортшылары бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орын Алматы облысына бұйырса, үшінші орынға маңғыстаулықтар иелік етті. Спортшыларды жарысқа Түркістан облысының аға бапкері С.Пичугин және жоғары дәрежелі жаттықтырушылар И. Данилов пен Ю.Пасынков даярлады.

x

Check Also

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...