Касымов бөтеннің мүліктері мен мал ұрлауға оқталған үшін 7 жылға сотталды
Касымов адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бірнеше рет тұрғын үй жайлар мен қоймаға заңсыз кіру арқылы жәбірленушілердің мүліктерін жасырын түрде ұрлаған және ұрлауға оқталған. Сонымен қатар, ол қораға заңсыз кіру арқылы жәбірленушінің 1 бас қойын жасырын ұрламақшы болғаны үшін сотқа берілген.
Утебай адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, қойма орнына заңсыз кіру арқылы жәбірленушінің мүлкін жасырын түрде ұрламақшы болғаны үшін сотқа берілген.
Касымов 5 жәбірленушнің үй жайларына заңсыз кіру арқылы мүліктерін жасырын түрде ұрлаған. Сонымен қатар, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен 2 жәбірленушінің үй жайларына заңсыз кіру арқылы олардың мүліктерін жасырын түрде ұрлауға оқталған. Сондай-ақ, мал қораға заңсыз кіру арқылы жәбірленушінің 1 бас қойын жасырын ұрлауға оқталған.
Утебай адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жәбірленушінің мүлкін жасырын түрде ұрламақшы болған, жәбірленушімен оқиға орнында ұсталған.
Сотталушылардың көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған кінәсі іс бойынша жинақталған және сот отырысында тексерілген объективті дәлелдемелермен, атап айтқанда, сотталушылардың өздерінің кінәсін толықтай мойындап берген жауаптарымен, жәбірленушілердің, куәлердің жауаптарымен және басқа да дәлелдемелер жиынтығымен дәлелденген.
Прокурор Касымов ҚР Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі -ҚК)188-бабының 3-бөлігінің 2), 3)тармақтарымен, 24-бабының 3-бөлігі 188-бабының 3-бөлігінің 2), 3) тармақтарымен, 24-бабының 3-бөлігі, 188-1-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігінің негізінде қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті 7 жылға бас бостандығынан айыруға, оның іс әрекетінде ҚК-нің 14-бабының 1-бөлігіне сай қылмыстардың қайталануы бар деп тануды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуді сұрады.
Утебай ҚК-нің24-бабының 3-бөлігі, 188-бабының 3-бөлігінің 2), 3)тармақтарымен 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын сұрады.
Сот сотталушыға ҚК-нің 60-бабының 1,4-бөліктерін қолданып үкімдердің жиынтығымен осы үкім бойынша тағайындалған жазаға Түркістан облысы, Қазығұрт аудандық сотының 26 ақпан 2019 жылғы үкімі бойынша өтелмеген жазаның 1 (бір) жыл бас бостандығынан айыру жазасын ішінара қосып, сотталған С.Б.Касымовқа түпкілікті 7 (жеті) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.