Тәуелсіздікке тарту: Шымкентте 240 автобус пайдалануға берілді

Үшінші мегаполисте Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қоғамдық көліктер 240 автобуспен толықты. Әкімшілік-іскерлік орталығында жаңа қоғамдық көліктерді маршруттарға үлестіру шарасына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев пен қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.

Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов Қырымбек Елеуұлына қоғамдық көлік желісін дамыту кешенді схемасын таныстырды.

– Соңғы жылдары Шымкентте қоғамдық көлік қызметі жылдан жылға жетіліп келеді. Қазіргі таңда қалада 14 тасымалдаушы компания жолаушыларға 75 маршрут бойынша қызмет көрсетеді. Оның ішінде 57 маршрут әлеуметтік маңызы бар бағыт ретінде белгіленіп, жергілікті бюджеттің есебінен субсидияланып отыр. Қаланың автобус паркінде 1 мыңнан астам көлік бар. Оның шамамен 87 пайызы жаңартылды. Замануи, жайлы автобустар желдеткіштермен, бейнебақылау камераларымен, пандустармен жабдықталған. Барлық стандарттарға сәйкес келеді, — деді қала әкімі.

Айта кетейік, жаңа автобустар кезең-кезеңімен 8 бағытта қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, жолаушылар бүгіннен бастап Kaspi QR арқылы төлем жасауға мүмкіндік алды.

x

Check Also

Шымкентте салмағы 7 келіге жуық сәби дүниеге келді

Шымкент қалалық №2 аурухана перзентханасында 41 жастағы ана табиғи жолмен, ешқандай асқынусыз 6700 грамм салмақтағы сәбиді өмірге әкелді. Бұл – ...

Зелёная балка: 9 семей отметят новоселье в Шымкенте

В Шымкенте активно реализуются проекты по улучшению качества жизни жителей и преображению внешнего облика мегаполиса. В том числе в городе ведётся ...