Шымкент қаласында жыл басынан бері 36 548 адам коронавирус жұқтырған болса, бүгінде 35 399 науқас емделіп, сауығып шықты. Бүгінге 92 науқас емделіп жатыр, оның ішінде стационарда 78 науқас, 14 науқас үй жағдайында амбулаторлық ем қабылдауда. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 5 жағдайы тіркелді.
Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты қалада 25 тамыздан бастап 3677 төсек-орын жабылды. Қазіргі таңда төсек-орын толымдылығы 20 пайызды құрайды, 305 төсек орын бос. Ал, жаңсақтау бөлімінде 125 төсек орын бар, онда 9 азамат ем қабылдауда, 116 төсек орын бос. Толымдылық –7 пайыз.
Сонымен бірге 36 емхана жанынан жасақталған 211 мобилді бригада үй жағдайында ем қабылдап жатқан 14 науқаспен коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған 228 адамға медициналық қызмет көрсетуде.