Шымкентте барлық көрсеткіш бойынша өсім байқалады

Биыл 11 айда елімізде құрылыс саласына инвестиция тарту 2,1 есеге артқан. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев баяндады.

Министрдің айтуынша, инвестициялар құрылыс саласында – 2,1 есеге, өңдеу өнеркәсібінде – 50,5, ауыл шаруашылығында – 40,5, саудада – 34,2, жылжымайтын мүлікпен операциялар саласында – 18,6 және қаржы саласында 14,2 пайызға өскен.

«Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент, Алматы қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе және Павлодар облыстарында байқалуда»,- деді. Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсу 7 өңірде – Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау және Павлодар облыстарында, сонымен бірге Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелгенін мәлімдеді. Атап айтсақ, Шымкентте 11 айда өндіруші салалардағы инвестициялық белсенділік 55,2 пайызға артқан.

Тұрғын үйді пайдалануға беру де 63,6 пайызға өскен. Бұл екі санат бойынша Шымкент республикада көш бастап тұр. Ал, құрылыс секторында өсу қарқыны бойынша алғашқы бестікте.

x

Check Also

Шымкентте тағылымды туындының тұсаукесері өтті

Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен көрермен назарына ұсынылған «Таңдау» толықметражды фильмі ерекше ...

Реновация бағдарламасы: 22 отбасы үйлі болды

Шымкентте тұрғын үй қорын жаңарту-жақсарту, тозығы жеткен үйлерді сүріп, орнына жаңа үй салу үшін реновация бағдарламасы жүзеге асуда,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі ...