Шымкентте Алаш арыстарына ескерткіш орнатылды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласында «Алаш арыстары» ескерткішінің салтанаты ашылу рәсімі өтті

Композициялық мүсін Шымкент қаласының орталық саябағы аумағында орналасқан. Тұғыр гранитпен қапталған. Мүсіндердің биіктігі — орташа есеппен 210 см. Тұғырдың ұзындығы — шамамен алты метр, ені — үш метрге жуық.

Жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов, мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, «Алаш арыстары» ескерткішінің идея авторы Бекет Тұрғараев, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Мархабат Байғұт, көрнекті ақын Ханбибі Есенқарақызы және тағы басқа зиялы қауым өкілдері қатысты.

Қала әкімі көпшілікті ескерткіштің ашылуымен құттықтап, іс-шараның маңыздылығына тоқталды.

«Уақыт озған сайын ұлт азаттығы үшін аянбай күрескен Алаш қайраткерлерінің даналығын, даралығын, кемеңгерлігін айқын сезініп келеміз. Олардың өмір жолы біз үшін, болашақ ұрпақ үшін – тағылым алар тәрбие. Мұндай кешендер – жастарымызды отаншылдыққа тәрбиелеп, өз еліне, жеріне, өткені мен болашағына деген сый-құрметті қалыптастыру құралы деп білеміз, — деді Мұрат Әйтенов.

Жиыналғандар композициялық мүсінге гүл шоқтарын қойды.

 

x

Check Also

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...