Шымкентте 5 мыңға жуық адам «Pfizer-Biontech» вакцинасын салдырды

Шымкентте эпидахуал тұрақты. Соңғы тәулікте ковидтің 15 жағдайы тіркелді (белгілері бар-14, белгілері жоқ-1).

Оның ішінде 9 науқас инфекциялық стационарға жатқызылса, 6 науқас үй бақылауына алынды. Бір тәулік ішінде қалада 2 141 адам вакцина алды (I компонент-653, II компонент-1 488).

Егу науқаны басталғалы жалпы 581 009 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 543 020 адам вакцинаның екі компонентін алды. Осы жылдың 15 қарашасынан бастап 12-18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге «Pfizer-BioNTech» вакцинасын егу басталды. Вакцинаның 1-ші компоненті 4 973 адамға егілді.

Айта кетейік, коронавируспен күреске қарсы тұрақтандыру қоры арқылы қаржы қаралған. Қаланың медициналық ұйымдарында ковид індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры бар.

x

Check Also

В Шымкенте прошел антикоррупционный конкурс среди молодежи под названием «Мой вклад в закон и порядок!»

В мероприятии, которое прошло в зоне отдыха Арбат, приняли участие 150 человек в возрасте от 10 до 21 года. Среди ...

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

Шымкентте жастар арасындағы «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті. Арбат демалыс аймағында өткен ...