Республикалық IQ Doda жүлдесі Шымкенттің еншісінде

ҚР Тәуелсіздігің 30 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Талдықорған қаласында республикалық IQ Doda зияткерлік ойыны өтті. Үшінші мегаполистің «Шымқала» командасы еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 17 құраманың арасынан жүлделі үшінші орынды иемденді. Зияткерлік ойынның мақсаты — “Рухани жаңғыру” бағдарламасы идеяларын жүзеге асыру, қазіргі заманның жаңа жағдайларына сәйкес стандартты емес дербес ойлауды, интуицияны, зияткерлік қабілетті дамыту, табыстың іргелі факторы ретінде жаңашылдық пен білімді насихаттау болатын.

Талдықорғанға Шымкенттен қалалық оқушылар сарайының директоры Мұстафаев Бақытжан Нұрғазыұлы, «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС директоры Орымбаев Нұрбол Әбдезімұлы, ОҚМПУ жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Тасболат Бекдаулет Бейсенбайұлы, Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің әлеуметтік тәрбие және жастар ісі жөніндегі бөлім басшысы Әлібек Бексейіт Әшірбекұлы құраған команда намысты қолдан бермей, екі күн ішінде үздік нәтиже көрсетті.

Қатысушылар логика, тапқырлық және білімін қолдана отырып, жан-жақты қызықты сұрақтарға жауап берді. Ақтық кезеңде 7 командамен ой жүйріктігін сынға салған жерлестеріміз аз ғана ұпай айырмашылығымен Түркістан облысының » Тұран» командасы (28 ұпай) мен павлодарлық «Ертіс» командасына (27 ұпай) жол беріп, «Шымқала» (26 ұпай) үздік үштік қатарынан көрінді. Жерлестерімізді жүлдемен құттықтаймыз!

x

Check Also

Гимн в тысячи сердец: Шымкент отпраздновал День государственных символов у самого высокого флага мегаполиса

У подножия самого высокого флага Шымкента разлился мощный хор, сотканный из множества голосов. В 11 утра здесь зазвучал Государственный гимн ...

Мыңдаған жүректің үні: Шымкент Мемлекеттік рәміздер күнін елдік рухпен атап өтті

Шымкент қаласындағы ең биік Ту тұғырында мыңдаған жүрек бір ырғақта соғып, Мемлекеттік гимн әуеледі. Сағат 11:00-де қала аспанын шарлаған осы ...