Мегаполисте Жұмат Шанинге арналған ескерткіш ашылды

Шымкент қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қазақ театрының тұңғыш режиссері Жұмат Шанинге арналған ескерткіш ашылды. Еңселі ескерткіштің ашылауына қала әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық мәслихаттың хатшысы мен депутаттары, Ж.Шаниннің ұрпақтары және зиялы қауым өкілдері қатысты. Ұлттың ұлы тұлғаларына құрмет көрсету перзенттік парыз екенін алға тартқан М.Әйтенов жиылған қауымды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

– Шымкент театры Жұмат Шанин есімін 1972 жылы иеленді. Араға 50 жыл салып, театр алдына қайраткердің еңселі ескерткіші тұғырға қонды. Қазақ театр өнерінің ұстазы болған тұлғаның ғибратты ғұмыры мен мол мұрасы – халқымыздың асыл қазынасы. Жұмат Шанинге құрмет көрсету арқылы біз мәдениет қайраткерлеріне құрмет көрсетеміз. Ұлт тарихындағы алғашқы кәсіби театр маманының өмірлік танымы – өскелең ұрпақтың бой түзер бағыты болатынына сенімдімін. Баршаңызды Шымкенттің мәдени өміріндегі ерекше сәтпен құттықтаймын! Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! — деді қала әкімі.

Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының алдына орнатылған ескерткіштің биіктігі тұғырымен қосқанда 5 метрге жуықтайды.

Авторы – ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Әбдуахат Мұратбаев. Қазақстандағы тұңғыш қазақ театр өнерінің негізін қалаған, оны кәсіби деңгейде қалыптастырып, шығармашылық жағынан өсу жолында зор еңбек сіңірген тұлғаның туғанына биыл 129 жыл.

x

Check Also

80 лет истории – яркий символ веры в будущее

Сегодня в «Доме дружбы» города Шымкент состоялось торжественное мероприятие, посвященное 80-летию переселения турок-ахысов в Казахстан. В этом событии приняли участие ...

80 жылдық тарих – болашаққа деген сенімнің жарқын символы

Бүгін Шымкенттегі «Достық үйінде» ахысқа түріктерінің Қазақстанға қоныстануының 80 жылдығына арналған іс-шара өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ...