М.Әйтенов: Денсаулық сақтау саласында басты мақсат – қызмет сапасын арттыру

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың денсаулық сақтау саласындағы басты мақсат – қызмет сапасын арттыру екенін айтты.

«Жолдауда Президент медицина саласының инфрақұрылымын жақсартуды тапсырды. Бұл бағытта соңғы 2 жылда медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту деңгейі 71,5 пайыздан 81 пайызға жететін болады. Одан бөлек, мемлекеттік медициналық ұйымдар 100 пайыз жаңадан компьютерлік техникамен қамтамасыз етілді. Сонымен бірге, жеке инвесторлардың есебінен 5 медицина және ПЭТ/КТ сәулелі терапия орталықтары ашылады. Қазіргі таңда екі емхананың құрылысы, №1-ші ауруханадағы трансплантация орталығын жаңарту жұмыстары жүргізілуде», — деді М.Әйтенов.

Брифинг барысында қала әкімі биылғы жылы 1000 орындық клиниканың құрылысын бастау үшін, жергілікті бюджеттен инженерлік инфрақұрылымын тартуға 835 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталғанын атап өтті.

x

Check Also

Шымкент: Көксай шағын ауданын жаңғырту тұжырымдамасы аясында алты отбасына жаңа пәтерлер берілді

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағын ауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру қолға алынған болатын. Бірінші кезеңде Реновация ...

Мақсат — татулықты тұғырынан түсiрмеу

Бүгін «Достық үйінде» Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Сәрсен Құранбектің төрағалығымен Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің ...