Жолақысын енді Kaspi QR арқылы төлей аласыз

Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде жолақысын енді Kaspi QR арқылы төлеуге болады. Ол үшін «Kaspi» қосымшасын жүктеп, валидатордағы немесе автобус кіреберісінде орнатылған QR кодты сканерлеу қажет. Егер сіз қолма-қол төлем жасағыңыз келмесе немесе Төлем картаңызды үйде ұмытып кеткен болсаңыз, QR код бойынша оп-оңай төлей аласыз.

Жолақысы бұрынғысынша – 70 теңге. Тексеру кезінде міндетті түрде электронды билетті көрсету қажет.

QR код арқылы жол ақысын төлеген жағдайда бірыңғай 70 теңге екенін ескертеміз. Оқушылар мен студенттер валидаторға тек Төлем картасын тигізуі арқылы ғана өз тарифтерін (35,50 теңге) пайдалана алады.

Айта кетсек, Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде «Tolem» электронды жүйесі іске қосылған болатын. Қала тұрғындарына электронды төлем жүйесін барынша қолайлы ету бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

x

Check Also

В Шымкенте прошел антикоррупционный конкурс среди молодежи под названием «Мой вклад в закон и порядок!»

В мероприятии, которое прошло в зоне отдыха Арбат, приняли участие 150 человек в возрасте от 10 до 21 года. Среди ...

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

Шымкентте жастар арасындағы «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті. Арбат демалыс аймағында өткен ...