Жасөспірімдерге КВИ-ға қарсы вакцинация қалай жүргізіледі

Коронавирусқа қарсы иммунитет қалыптастыру үшін 12-ден 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында, жүкті әйелдер және лактация кезеңіндегі әйелдерге «Pfizer» компаниясы шығарған «Комирнати» вакцинасын пайдаланылады.

Комирнати вакцинасының құрамындағы нуклеозидтермен модификацияланған матрицалық РНҚ липидті нанобөлшектерге инкапсулацияланған, бұл SARS CoV-2 антигенінің уақытша экспрессиясын төмендету үшін қожайын жасушаларға репликацияланбайтын РНҚ жеткізуге мүмкіндік береді. Вакцина бейтараптандыратын антиденелердің өндірілуін және ақуыз-тікен (S) антигеніне жасушалық иммундық реакцияны тудырады, бұл COVID-19 ауруынан қорғауға көмектеседі

Дозалау режимі және қолдану әдісі белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Комирнатиді сұйылтқаннан кейін бұлшықет ішіне 2 дозадан тұратын курс түрінде енгізеді (әрқайсысы 0,3 мл-ден). Екінші дозаны бірінші дозаны енгізгеннен кейін 3 апта өткен соң яғни 21 күннен кейін енгізу ұсынылады. Инъекциялаудың қолайлы жері иықтың дельта тәрізді бұлшықеті болып табылады.

Комирнатидің қауіпсіздігіне екі клиникалық зерттеулер жүргізілді.

12 және одан үлкен жастағы қатысушыларда бірінші дозасын алған 22 875 қатысушыны (оның ішінде 16 және одан үлкен жастағы 21 744 қатысушы және 12 мен 15 жас аралығындағы 1131 жасөспірім) қамтыды. Зерттеулер нәтижесінде «Клиникалық сараптамалар Pfizer екпесінің 12 жастан асқан адамдарға аса тиімді екенін көрсеткен еді. Екі компонентті толық алған адамдарда коронавирус жұқтыру қаупі вакциналанбағандарға қарағанда 97 пайызға төмен болады. Сондай-ақ, екпе 65 жастан асқан адамдарға да, созылмалы ауруы барларға да бірдей тиімді әсер етті. Әзірше мұндай нәтижеге ешқандай зертхана қол жеткізген жоқ», — дейді америкалық вирусолог Pfizer корпорациясының вакциналар ғылыми тобының директоры Кент Хантер.

Зерттеу жүргізген қатысушыларда ең жиі кездесетін жағымсыз реакцияларға инъекция орнының ауыруы (> 80 %), қатты шаршағыштық (>60%), бас ауыруы (> 50 %), миалгия және қалтырау (> 30 %), артралгия жатады (> 20 %), пирексия және инъекция орнының ісінуі (> 10 %), әдетте жеңіл немесе орташа дәрежелі ауырлықта болды және вакцинациядан кейін бірнеше күн ішінде жазылды.

Жасөспірімдерді вакцинациялау білім беру ұйымдарының егу пункттерінде жүргізіледі. Сондай-ақ ата-аналардың қалауы бойынша вакцинацияны емханаларда жеке тәртіппен жүргізуге жол беріледі.

Профилактикалық егуді жүргізбес бұрын жалпы тәжірибелік дәрігері немесе педиатр, дәрігер болмаса фельдшер жасөспірімдердің денсаулық көрсеткіштерін тексереді. Қан қысымын, сатурацияны, температурасын өлшеп, тері жабындары мен көрінетін сілемейлі қабықтарды жалпы жәй күйін бағалап, медициналық қарап тексеруді толықтай жүргізеді.

Егілетін адам денсаулық жағдайының нашарлауына шағымданған және аурулардың обьективті белгілері болған жағдайда екпе жүргізілмейді. Қосымша зертханалық-аспаптық зерттеулерге жіберіледі.

Иммундауға қарсы көрсетілімдер болмаса егілетін адамның медициналық құжатында егу жүргізуге рұқсатты рәсімдейді, егілетін адамға немесе оның ата-анасына немесе заңды өкіліне профилактикалық егу, иммундаудан кейінгі ықтимал реакциялар мен қолайсыз көріністер, екпеден бас тарту салдарлары туралы толық және обьективті ақпарат беріледі.

КВИ-ге қарсы «Комирнати» («Пфайзер» компаниясы) вакцинасын енгізгеннен кейін медициналық бақылау вакцинаны енгізгеннен кейін алғашқы 30 минутта жүргізіледі. Бұл ретте медициналық бақылау жүргізуге арналған үй-жайда физикалық қашықтықты сақтау ескерілетін болады.

Кейіннен медициналық бақылау келесі 3 күн бойы егілген жасөспірімдердің ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне қоңырау шалу арқылы жүргізіледі. Бұл ретте медициналық бақылау мектепте де, тіркелген жері бойынша медициналық ұйым тарапынан да жүргізіледі.

Вакцина егілген жасөспірімдер кері сабаққа орала алады, қажет болған жағдайда (әлсіздік, температураның жоғарылауы және т.б) сабақтан босатылып, ата-аналарына алдын-ала хабарландырылып, үйге жіберіледі.

Диспансерлік есепте тұрған жасөспірімдер емдеуші дәрігерден кеңес алып және рұқсат алғаннан кейін коронавируске қарсы вакцинациялауға жіберіледі.

Вакциналар құрамында ағзаға бедеулік немесе мутациялық процестер сияқты ұзақ мерзімді жағымсыз салдарларға әкелетін компоненттер жоқ. Вакциналардағы кез келген заттар халықаралық нормативтерге сәйкес организм үшін қауіпсіз концентрацияларда болады. Кейбір егілетін адамдарда тек мынандай реакцияларды тудыруы мүмкін: инъекция орнының ауырсынуы, ісінуі, шаршағыштық, бастың ауруы, бұлшықеттің ауыруы, буынның ауруы, қалтырау, диарея, қызба, жүрек айну, құсу және т.б. «Комирнати» вакцинасы («Пфайзер» компаниясы) қатерлі ісікке, диабетке және аутизмге әкелмейді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді «Комирнати» («Пфайзер» компаниясы») вакцинасымен вакциналауды ұсынады. Бүгінгі таңда Израйль, Франция, Италия, Испания, Германия, Бразилия, Қытай, Швеция, Ұлыбритания, АҚШ, Аргентина және т.б көптеген дамыған елдердің билігі осы вакцинамен балаларды КВИ-ге қарсы вакцинациялау науқанын бастады.

Мырзагелдиев Бахытжан Мырзалыұлы,
Ордабасы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...