Газ баллонын жанармай бекетінде толтыру заңсыз — Xnews — ақпарат агенттігі

Газ баллонын жанармай бекетінде толтыру заңсыз

Шымкент қаласының газ техникалық инспекция бөлімі төтенше жағдайлар және өндірістік қауіпсіздік департментімен бірлесе газбен қамтылмаған көпқабатты (жатақхана) үйлерді аралап, тұрмыстық баллонын пайдалануда қауіпсіздік шарасын сақтау бойынша түсіндірме жұмысын жүргізуде.

Бүгінде қаласы аумағында орталық газ жүйесіне қосылмаған 13 жатақхана бар. Мұндағы тұрғындар тұрмыстық газ баллонды пайдаланып келеді.

Тиісті сала мамандары Еңбекші ауданында Қаратөбе тас жолы № 34 үй мен Сарымолдаев көшесі №1Б үйлердің (жатақхана)тұрғындарымен кездесіп, қауіпсіздік туралы түсіндіріп, жадынамалар таратты.

Газ техникалық инспекциясының өкілдері газ баллондарды арнайы мекемелерден келісім шарт негізінде сатып алуға кеңес береді. Бүгінде тұрмыстық баллонын автогаз құю бекетінде толтыру өзекті мәселе болып отыр. Жанармай құю бекетінде газ баллонының техникалық жарамдылығын тексермейді.

Сондай-ақ, газ баллонды толтыру нормасы да сақталмайды. Сонымен қатар, газ баллонын автогаз құю бекетінде толтыру – заңсыз әрекет және ол үшін әкімшілік жауапкершілік қаралған.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...