Еңбекші ауданында көпсалалы спорт алаңшасы ашылды

Шымкент қаласы әкімінің бұқаралық спортты дамыту және жастарды салауатты өмір салтына баулу жөніндегі тапсырмасы бойынша Еңбекші ауданында биыл 18 спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Тұрғындар игілігі үшін салынған алаңшалардың 16-сы бюджеттен қаралса, 2-і демеушілер есебінен салынған.

Спорт алаңшаның 6-ы шалғай елді мекенде, 4-і жеке секторда және 8 алаңша көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында орналасқан. Ауданда тағы бір спорт алаңшасы пайдалануға беріліп отыр.

Қарабастау тұрғын алабының жаңақұрылыс аймағында орналасқан көпсалалы спорт алаңшасында кіші футбол, волейбол және баскетбол ойнауға мүмкіндік бар. Одан бөлек, «Street workout» пен тренажер элементтері де жасақталған.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...